2014 жылғы 27 қазан, Астана қаласы
«Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №562 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
бұйырамын:
1. «Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №562 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде №8265 тіркелген, 2013 жылғы 16 наурызында «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған №97-98 (27371-27372)) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ж-1 нысан осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі бақылау, нақты сектор бухгалтерлік есебі мен аудиті әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күннің ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б.СҰЛТАНОВ.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 27 қазандағы №458 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №562 бұйрығына 50-қосымша
Ж-1-нысан
ЖСН/БСН
Тапсырыс беруші _______________________________________________________________
толық атауы, мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер
Орындаушы _____________________________________________________________________
толық атауы, мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер
Шарт (келісімшарт) _______________________ № ______ «____» ___________ 20__ж.
Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің)
актілері*
Рет бойын-
ша
нөмірі Жұмыстардың (қызметтердің)
атауы (техникалық ерекшеліктеріне, тапсырмаға, жұмысты орындау кестесіне сәйкес кіші түрлерінің бөлінісінде болған жағдайда) Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) күні** Маркетингтік, ғылымдық зерттеулер, кеңестің және өзге де қызметтер жайлы есептің болуы туралы мәліметтер (күні, нөмірі, парақтар саны)*** Өлшем бірлігі Жұмыстар орындалды (қызметтер көрсетілді)
саны бірлік үшін бағасы сомасы
1 2 3 4 5 6 7 8
Жиыны х
Тапсырыс берушіден алынған қорлар туралы мәліметтер ___________________________
атауы, саны, құны
Қосымша: _______________________________________________ құжаттамалар тізбесі, оның
Ішінде маркетингтік, ғылымдық зерттеулер, кеңестік және өзге де қызметтер жайлы есептер (олар болған жағдайда міндетті) _________ парақта
Тапсырған (Орындаушы) ____________/____________/__________
лауазымы қолы қолды таратып жазу
Қабылдаған (Тапсырыс беруші) _________/__________/_________________
лауазымы қолы қолды таратып жазу
М.О. Жұмыстарға (қызметтерге) қол қойған (қабылдаған) күні _____________
*Құрылыс-монтаж жұмыстарын қоспағанда, жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) өткізу – қабылдап алу үшін қолданылады.
** Егер орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) күні әртүрлі кезеңдерінде түсетін жағдайда, сондай-ақ егер жұмыстарды (қызметтерді) орындау күні, қол қою (қабылдау) күні әртүрлі болған жағдайда толтырылады.
*** Ғылыми зерттеулер, маркетингтік, консультациялық және басқа қызметтер туралы есеп болған жағдайда толтырылады.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 25 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9900 болып енгізілді.